17:14, 25 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Қарағанды облысының әкімі ҚР Президентінің атынан жас дарынды мәдениет қайраткеріне жаңа пәтердің кілтін тапсырды
ҚАРАҒАНДЫ. Желтоқсанның 25-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов зиялылар өкілдерімен болған кездесуде ҚР Президентінің атынан жас дарынды мәдениет қайраткері, Тәттімбет атындағы қазақ халық аспаптары академиялық оркестрінің, К.Байжанов атындағы облыстық концерттік бірлестіктің бас дирижері Ерлан Бақтыгерейге жаңа пәтердің кілтін тапсырды.

«Осы кездесуді ұйымдастыру қарсаңында мәдениет қызметкерлері үшін проблемалық мәселе тұрғын үй болып табылатынын мен білдім. Сондықтан, Жаңа жыл қарсаңында жас, дарынды басшыға ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан осындай сыйлық жасауды ұйғардық», - деді С.Ахметов.
Ерлан Бақтыгерей өз кезегінде өзінің «қарапайым еңбегінің» бағаланғаны үшін ризашылығын білдірді.