Қарағанды облысының әкімі Малайзия және Сингапур елдеріне жұмыс сапарымен аттанды
ҚАРАҒАНДЫ. 25 қаңтар. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Облыс әкімі Серік Ахметов бастаған Қарағанды облысының делегациясы дүйсенбі күні Сингапур және Малайзия елдеріне үш күндік жұмыс сапарымен аттанды.
Бұл туралы аймақ басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
«Сапар мақсаты - өңірге инвесторлар тарту болып табылады. Малайзиялық компаниямен су жеткізу инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жоба талқыланбақ», -делінген облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Ертең Малайзияның Куала-Лумпур қаласында С.Ахметов «Ranhill» компаниясының президенті Тан Сри Хамадан Мохаммедпен кездеседі деп көзделіп отыр.