21:05, 10 Наурыз 2009 | GMT +5
Қарағанды облысының әкімі мен «Эйр Астана» авиакомпаниясының басшылығы ынтымақтастықты дамытудың келешегін талқылады
ҚАРАҒАНДЫ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматуллин «BAE Sistem» компаниясы акционерлерініің жетекші өкілі Найджел Брэдли және «Эйр Астана» авиакомпаниясының президенті Питер Фостермен кездесті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында ынтымақтастықты дамытудың келешегі талқыланды. Аймақ басшысы осы авиакомпания мен Қарағанды облысы арасындағы ынтмақтастық үш жылға созылды және «әр кездесу ? келесі жобаларды жасауға және оларды жүзеге асыруға игі ықпал етеді», деп атап көрсетті. Компания басшылары да іскерлік қатынасты дамыта түсуге дайын екендіктерін жеткізді.«Бұған дейін қол жеткен келісімдерге сәйкес, компания моральдық тұрғыдан ескірген «АН-24» әуе кемелерін жаңа реактивті «Fokker-50», сондай-ақ, жолаушыларға қызмет көрсету сапасы мен техникалық талаптары халықаралық стандарттарға сай келетін «Airbus-319» ұшақтарымен алмастырды. Бүгінде «Fokker-50» ұшағы аптасына үш рет, ал «Airbus-319» ұшағы аптасына төрт рет әуе рейсін орындайды», - деп ақпарат таратты облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.