Қарағанды облысының әкімі православ христиандарын бүгінгі мерекелерімен құттықтады

ҚАРАҒАНДЫ. Қаңтардың 7-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматулин бүгін Свято-Введенский соборында болып, православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Христиандықтың негізін құрайтын рухани құндылықтар жалпы адамзаттың құндылықтарына айналып отыр. Олар сөзсіз, басқа да діндердің адамгершілік негіздерімен көбіне үндесіп жатады, жұртшылықты бейбітшілік пен өзара түсіністікке шақырады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың дана саясатының арқасында Қазақстан да көптеген елдер үшін ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің үлгісі болып отыр», деді облыс әкімі өз сөзінде «Діни сенімдері мен этникаларына қарамастан, бүгінде барша қазақстандықтар бірлесіп Қазақстанды өркендетуге үлес қосып келеді. Православие дінбасы да, өңіріміздегі басқа да дәстүрлі діндер жетекшілерімен бірлесіп, адамдар арасында тыныштық пен келісімді сақтауға үлкен үлес қосып отыр», деп түйіндеді өз сөзін Н.Нығматулин.
Соңғы жаңалықтар