Қарағанды облысының әкімі Приозерск қаласының активі алдына бірқатар міндеттер жүктеді

Облыс әкімі кеңесте Приозерск қаласының жаңа әкімі, Шахтинск қаласының бұрынғы әкімі Ерлан Өтешевті таныстырды. «Менің өкіміммен ҚР Президенті Әкімшлігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісім бойынша Приозерск қаласының әкімі болып Е.Өтешев тағайындалды», - деді С.Ахметов.
Аймақ басшысы қала активінің алдына бірқатар міндеттер қойды. «Біріншісі. Біз қысқа мерзімде қаланың жылу беру жүйесін қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды аяқтауға тиіспіз. Осы мақсат үшін Приозерскіде құрылған штаб қанша уақыт қажет болса, сонша уақыт жұмыс істейтін болады. Екіншісі. Өздеріңіз білетіндей, Приозерск қаласының 2011-2013 жылдарға арналған Кешенді әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының жобасы бар, ол жақын арада Үкіметте бекітілетін болады. Сіздер қазірден бастап-ақ осы жоспардың жүзеге асырылуына дайындықты бастауға тиіссіздер», - деп атап өтті өңір басшысы.
С.Ахметов облыстық билік Приозерск қаласына жан-жақты қолдау білдіретіндігін жеткізді. «Осы жылдан бастап біз Приозерск қаласының дамуы жайлы сөз қозғау керекпіз», - деп атап өтті әкім.