14:40, 17 Наурыз 2014 | GMT +5
Қарағанды облысының әкімі «Шахтердің» бас бапкері отставкаға кетті деген қауесетті жоққа шығарды
КАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев «Шахтер» футбол клубының бас бапкері Виктор Кумыковтың отставкаға кеткені туралы қауесетті жоққа шығарды.
«Шахтердың» бас бапкері В. Б. Кумыковтың кетуі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Ол өз міндетін орындап, келесі сынға дайындалуда», - деп жазды өңір басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында. Б. Әбдішев сондай-ақ жанкүйерлерді Теміртау қаласында 22 наурызда өтетін «Ақтөбе» ойыншыларымен кездесуде өз командасын қолдауға шақырды. Бұған дейін кей интернет-ресурстар В. Кумыков «Шахтердан» кетіп, елордалық «Астана» клубын басқару туралы ұсынысты қабылдағалы жатыр деген ақпарат таратқан болатын.