Қарағанды облысының әкімі шетелдік инвесторлармен ағылшынша сөйлесті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков тұрғындармен есептік кездесуінде шетелдік инвесторларға арнаған сөзінде ағылшынша сөйледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің тілшісі.
None
None

«Бүгінде облыс тұрғындарының 61 пайызы мемлекеттік тілді меңгеріп алған. Орыс тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі - 92,3 пайызды, ағылшын тілін меңгерген азаматтардың үлесі - 7,6 пайызды, үш тілді меңгерген тұрғындардың үлесі - 4 пайызды құраған. Жеке мысалды көрсету үшін, өткен жылы мен өз есебімде ағылшын тілінде сөйлеуді уәде етіп, бүгін шетелдік инвесторларға сөз арнағым келеді», - деді Н.Әбдібеков.

Ағылшын тілінде сөйлеген аймақ басшысы соңғы 5 жылда облысқа 63 млрд. теңгеден астам шетелдік инвестициялар тартылғанын атап өтті. Ол шетелдік компанияларды аймақ экономикасына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Н.Әбдібеков сондай-ақ әлеуетті инвесторларды аймақта өз жобаларын іске асыру мүмкіндіктерін зерттеуге шақырды.

Қарағанды облысы әкімінің тұрғындармен есептік кездесуі Кеншілердің мәдениет сарайында өтті. Н.Әбдібеков өз баяндамасын «Жаңа кезең, жаңа міндеттер» деп атап, аймақтың 2015 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және болашақ жоспарлар туралы баяндап берді. Одан кейін залда жиналғандар аймақ басшысына сұрақтар қойып, бірден жауап алған. Бұдан басқа, шалғайдағы қалалар мен ауылдық аудандармен онлайн байланыс ұйымдастырылған.

Соңғы жаңалықтар