Қарағанды облысының әкімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту қажет төрт саланы атады

мемлекеттік сатып алу, жер қатынастары, сондай-ақ білім және денсаулық сақтау, құқық қорғау органдары жүйелері сыбайлас жемқорлыққа анағұрлым жақын деп есептейді.
«Филиал қызметін бағалау көбінесе сыбайлас жемқорлықты жою бойынша жұмыстың тиімділігімен анықталатын болады. Сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту қажет салаларды айтып өткім келеді. Біріншіден бұл - мемлекеттік сатып алулар саласы. Қоғам тендерлерді өткізу кезінде болатын жемқорлық туралы жиі айтады», - деді Ә. Құсайынов «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының XVI есептік-сайлау партиялық конференциясында.
«Тендерлерді тек электронды түрде өткізу тапсырмасы берілді», - деп еске салды ол.
«Екіншіден - денсаулық сақтау және білім беру жүйесін халық көп сөгеді. Адамдар түрлі «сыйлақтарды» жиі жасауға тура келетіндігін айтып, шығамдануда», - деді ол.
Өңір басшысының пікірінше, тұрғындардың» құқық қорғау органдарын жазғыруы әділді. «Әсіресе, бұл жол полициясына қатысты. Өкінішке қарай онда да дөрекілік пен алымдар жетіп жатыр», - деп мәлімдеді Ә. Құсайынов.
Сондай-ақ ол әзірге тәртіп болмай отырған жер қатынастары саласын атап өтті.