Қарағанды облысының атқарушы органдарында кадрлық өзгерістер болды

ҚАРАҒАНДЫ. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматулиннің өкімімен және ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Ерғали Егемберді облыс әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды,

Қарағанды облысының атқарушы органдарында кадрлық өзгерістер болды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Кадрлық өзгерістер туралы аймақ басшысы жұмыс кеңесінде хабарлады. 32 жастағы Е.Егемберді бұған дейін Қарағанды қаласындағы Қазыбек би ауданының әкімі болып қызмет атқарды. Үш жоғары білімі бар, саясаттану ғылымдарының кандидаты. Мемлекеттік органдарда бірқатар лауазымдарда қызметтер атқарды. Бүгін сондай-ақ Қарағанды қалалық мәслихатының кезектен тыс ХХ сессиясы өтіп, онда ҚР Президентінің «Аудан әкімдерін, облыстық маңыздағы қалалар, қалалардағы аудан әкімдерін тағайындау тәртібі туралы» Жарлығына сәйкес облыс әкімі депутаттық корпуспен келісуге Қазыбек би атындағы ауданның әкімдігіне Нұрлан Әубәкіровтің кандидатурасын ұсынды. Оны депутаттар бірауыздан қолдады, деп атап қөтті облыс әкімінің баспасөз қызметі. Н.Әубәкіров 34 жаста. Бұған дейін облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды. Екі жоғары білімі бар. Мамандығы бойынша экономист, заңгер. Мемлекеттік қызметте 10 жылдан астам уақыт жұмыс жасап келеді. Сессиядан кейін Н.Нығматулин актив отырысын өткізіп, ауданның жаңа басшысын таныстырды. «Облыс әкімі жаңадан тағайындалған басшылардың алдына жаһандық дағдарыс жағдайында және ең алдымен Елбасы Жолдауында белгіленген тапсырмаларды жүзеге асыру жөнінде міндеттер қойды», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.