Қарағанды облысының дзюдошылары республикалық жарыстарда жалпыкомандалық есепте І орын иеленді (ФОТО)

«Соңғы күнде бас жүлде үшін 100 келіге дейін және одан артық салмақтағы ерлер, 78 келіге дейінгі және одан артық салмақтағы әйелдер бәсекелесті», - делінген хабарламада.
78 келі салмақ дәрежесінде ОҚО өкілі Альбина Амангелдиева бірінші, алматылық Зарина Раифова екінші және Мархабат Ақылбаева (Қызылорда облысы) мен Әлия Жылқыбаева (Астана) үшінші орынға ие болды. 78 келіден артық салмақ дәрежесінде ШҚО құрамасының лидері Гүлжан Исанова жеңіске жетті. ОҚО өкілі Зарина Абрасулова күміс, Назгүл Маратова мен Руза Духтурбаева қола медальға ие болды. Ерлер арасында 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алматылық Виктор Демьяненко - бірінші, СҚО өкілі Сергей Пак - екінші, Тимур Болат (Астана) пен Дархан Темірханов (Ақмола облысы) - үшінші орынға ие болды. 100 келіден астам салмақ дәрежесінде қарағандылық Ержан Шынкеев - бірінші, Айтуар Абдулов (Астана) - екінші, Арман Әбеуов (Ақмола облысы) пен Талғат Әміренов (ШҚО) - үшінші орынға ие болды. «Жалпыкомандалық есепте Қарағанды облысы - бірінші, ОҚО спортшылары - екінші және алматылықтар - үшінші орынға ие болды», - деп хабарлады конфедерацияның баспасөз қызметінен.