Қарағанды облысының елді мекендерін жаңадан құрылатын Орталық Қазақстан кіші аймағына біріктіру жоспарлануда

ҚАРАҒАНДЫ. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы аумағын ұйымдастыру бас сызбасының жобасына сәйкес Орталық Қазақстан кіші аймағын құру қарастырылып отыр.
None
None

Бұл туралы Қарағанды қаласында әзірленіп жатқан құжаттың тұсаукесер рәсімінде «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ Астана филиалы директорының бірінші орынбасары Қазыбек Матаев мәлім етті.

Қазақстанның жалпы қоныстандыру жүйесінде Қарағанды облысының елді мекендері орталығы Қарағанды қаласында орналаса отырып, Сарыарқа қоныстандыру аймағы Орталық Қазақстан кіші аймағына біріктіріледі, деп атап өтті Қ.Матаев.

Жобаны әзірлеушілердің мәліметінше, 2012 жылдың басында кіші аймақтағы халықтың саны 1,36 млн. адамды құрап, соңғы 13 жылда 5 пайызға азайды.

«Қоныстандыру жүйесінде 875 мың халқы бар Қарағанды қалалық агломерациясы ерекшеленеді, оның агломерация орталығы - Қарағанды, Қазақстанның төртінші қаласы. Болашақта «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Қарағанды агломерациясы Шортанды-Бурабай курорттық аймағымен қатар Астана агломерациясын дамыту жүйелік аймағына енгізіледі», - деді Қ.Матаев.

«Орталық Қазақстан қоныстандыру кіші аймағының аумағында облыс орталықтарынан анағұрлым шалғай орналасқан аудандар енетін келесі ауданаралық жүйелерін ұйымдастыру көзделіп отыр: Жезқазған - орталығы Жезқазған қ., оның құрамында Жезқазған және Сәтбаев қалалық агломерациялары, Ұлытау және Жаңаарқа аудандары болады; Балқаш - орталығы Балқаш қ., құрамында Ақтоғай және Шет ауданы болады», - деп қосып өтті «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ Астана филиалы директорының бірінші орынбасары.

Соңғы жаңалықтар