Қарағанды облысының мектеп оқушылары ардагерлерді шепке алды
Білім-Аймақ-Қарағанды-Ұлы Жеңіске 65 жыл
ҚАРАҒАНДЫ. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында «тимуршылар» қозғалысы қайтадан жандануда.
Токарев орта мектебі пегдагогтерінің айтуынша, осы оқу орнында «Болашақ» балалар-жасөспірімдер ұйымының мүшелері соғыс ардагерлерін, олардың отьбасыларын және тыл еңбенккерлерін шепке алды. Мектеп оқушылары сондай-ақ «Өмір» қайырымдылық үйіне де барып тұрады.
«Елбасы Жолдауында ардагерлерге материалдық көмек көрсетілетіні айтылған. Ал біз өз тарапымыздан оларға қамқорлық жасауға тиіспіз. Бұл олардың жанққиярлық ерлігіне тағзым ету болып табылады», - дейді Токаров орта мектебінің мұғалімдері.
Мектепте «Батырлар біздің жанымызда» тақырыбында шығармалар байқауы жарияланды. Онда оқушылар жерлестері, Ұлы Отан соғысының батырлары туралы ой тербейді. Сондай-ақ олар жауынгерлік даңқ залындағы жәдігерліктерді жаңарту үшін материалдар жинастыруда.