19:19, 02 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Қарағанды облысының мемлекеттік мекемелері ҚР Президентімен өткен «тікелей желідегі» аймақ тұрғындары өтініштерінің бір бөлігіне жауап берді
ҚАРАҒАНДЫ. Желтоқсанның 2-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Бүгінгі күні Қарағанды облысының мемлекеттік мекемелері ҚР Президентімен өткен «тікелей желіде» түскен аймақ тұрғындарының сұрақтары мен өтініштері бойынша 300-ге жуық жауап қайтарды.
Бұл жөнінде ҚазАқпарат тілшісіне облыс әкімдігі ақпараттық технологиялар бөлімінің бастығы Евгений Русаков хабарлады.
«Әкімдікке барлығы жауап даярлау үшін 1404 өтініштер мен сұрақтар берілді. Олардың барлығы да уәкілетті органдарға қарауға жіберілді», - деді ол.