Қарағанды облысының полицейлері ҚР Президентінің Жолдауын талқылады

ҚАРАҒАНДЫ. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы ІІД-де ел Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын талқылау бойынша жиналыс болып өтті,

Қарағанды облысының полицейлері ҚР Президентінің Жолдауын талқылады

деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.

 «Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өз Жолдауында қойған мақсаттары барлығымызға жақын әрі түсінікті. «Қазақстан-2050» стратегиясы - Қазақстанның одан әрі тұрақтылығы мен гүлденуіне үлкен қадам», - деп атап өтті өз сөзінде облыстық ІІД бастығының орынбасары, полковник Ардақ Ынтықбаев.

 «Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының реформалануын жалғастыруды тапсырды», - деп атап өтті ол.

 Жиналыста облыстық ІІД-нің Жолдаудың негізгі ережелерін түсіндіру бойынша жұмыс тобын құру шешімі қабылданды. Оның құрамына ІІД басқармалары мен өзіндік бөлімдерінің бастықтары кірді. Жұмыс тобы барлық аумақтық бөлімшелерде кездесулер өткізеді.