Қарағанды облысының соттары 2010 жылдың алты айында 40 мыңға тарта іс қараған

ҚАРАҒАНДЫ. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысының соттары 2010 жылдың алты айында 40 140 істі қараған.
None
None

Бұл туралы Қарағанды облыстық сотының төрағасы Ермек Серікбаев сейсенбі, шілденің 13-і күні аймақтағы сотардың бірінші жартыжылдықтағы жұмыстарының қорытындысын шығаруға арналған баспасөз мәслихатында мәлім етті.

«Аппеллациялық және кассациялық тәртіппен шығарылған шешімнің 1,2 пайызы жоққа шығарылып, өзгертулер енгізілді», - деп атап өтті Е.Серікбаев.

Қарағанды облысының соттарына бірінші жартыжылдықта 11 046 әкімшілік және 3 029 қылмыстық іс келіп түскен.

Келіп түскен қылмыстық істің саны былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,6 пайызға артқан, деп атап өтті облыстық соттың төрағасы. Оның айтуынша, облыстағы бір судьяға орташа есеппен 5,7 қылмыстық істен келген. Аймақ бойынша жарты жыл ішінде үкім шығарылған 1 606 қылмыстық іс қаралып, 1 902 жеке тұлға жауапқа тартылып, оның 641 бас бостандығына айырылса, 62-сі ақталып шыққан.

ҚР Жоғарғы сотының рейтингісінде 2010 жылдың алғашқы алты айлығы бойынша Қарағанды облысы бесінші орында.

Соңғы жаңалықтар