Қарағанды облысының тоғыз кәсіпорны «Алтын сапа» республикалық конкурсына қатысады

ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында 9 кәсіпорын-тауар өндірушілер «Алтын сапа» аймақтық конкурсының лауреаттары атанды.
None
None

Олардың ішінде «Keratek» кірпіш зауыты, «Eurasian Foods» АҚ, «Сантехпром» ЖШС бар.

 Олар Астанада 2009 жылғы қарашада өтетін конкурстың республикалық турына қатысу және ҚР Президентінің сыйлығына ұсынылу құқықтарына ие болды.

«Нұр Отан» ХДП облыстық филиалында «Алтын сапа» аймақтық конкурсының лауреаттарымен кездесу ұйымдастырылып, республикалық кезеңге даярлық мәселелері талқыланды. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын басты талап - шығарылатын өнімдердің сапасы, олардың бәсекеге қабілеттілігі.

Соңғы жаңалықтар