Қарағанды облысының түрмелерінің бірінде ірі көлемде ақша қаражаты тәркіленді

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің облыстық департаментінің қызметкерлері мен мекеменің әкімшілігі 10 ұялы телефон мен жалпы сомасы 250 мың теңге қаражатты тәркіледі.
Алдын ала анықталғандай, ақша түрменің аумағына сотталушылардың туысқандары мен таныстары арқылы айлалы амалдармен жеткізілді.
Үстіміздегі жылдан бері республиканың қылмыстық-атқару жүйелері мекемелерінде түрмеге рұқсат етілмеген заттарды алып өту әрекеті үшін 1,5 мыңнан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мәлім етілгендей, Қостанайдың тергеу абақтысында күдіктіге ұялы телефонды беру әрекеті үстінде қорғаушы ұсталған. Осыған ұқсас оқиға Атыраудың абақтысында да орын алды. Ұялы телефонмен бірге 16 мың теңге көлемінде ақша қаражаты болған. Ал таяуда Қарағанды облысында тұтқындалғанға 52 мың теңге ақша беру үстінде қорғаушы қолға түсті.