Қарағанды облысының тыл еңбеккері Жеңістің 65 жылдығына берілген жәрдемақысын «Соғыс балалары» атты кітабын шығаруға жұмсады
«Қазіргі ұрпақ соғыстың қиын жылдарында балалардың қалай өмір сүргендігін оқып білуі үшін, мемлекеттік жәрдемақыны алған соң кітапты жарыққа шығарамын деп шештім. Бұл барлық адамдар үшін бейбітшілікті бағалап, сақтап қалудың белгісі болады. Әрине, тек 20 данасын ғана шығаруға мүмкіндік туды», - дейді Дмитрий Григорьевич.
Автор өз кітабын ауылдық клубқа, ауылдық округтың әкімдігіне, туған-туыстарына сыйлады.
Жеңістің 65 жылдығына арналған медаль тыл еңбеккерінің алғашқы ордені болған. «Балалығыма қарамастан, соғыс жылдары тылда еңбек еткенімді дәлелдеу үшін тарихи отаным Украинаға, Житомирй облысы, Молчановка селосына баруға тура келді. Сол жерден куәгерлерді таптым», - дейді Д.Сирота.
Естеріңізге сала кетейік, Жеңістің 65 жылдығына орай мемлекеттік бюджеттен бөлінген әлеуметтік көмек: соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне - 65 мың теңге, соғысқа қатысушылар мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға - 25 мың теңге, соғыс кезінде қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне, қайтыс болған соғысқа қатысушылар мен мүгедектерге және оларға теңестірілген адамдардың әйелдеріне, тыл еңбеккерлеріне - 10 мың теңгені құраған болатын.