10:30, 28 Қараша 2009 | GMT +5
Қарағанды облысының жаңа тағайындалған әкімі аймақпен танысуды бастайды
ЖЕЗҚАЗҒАН. Қарашаның 28-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Осы лауазымға жақында тағайындалған Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов бүгін, сенбі күні Жезқазған аймағы бойынша танысу жұмыс сапарын жасайды.
Облыс әкімі Жезқазған және Сәтбаев қалаларындағы бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысандарда болады. Сонымен қатар, аймақ басшысы Сәтбаев қаласындағы жаңа балабақшаның ашылуына қатысады.
С.Ахметов ҚР Президентінің Жарлығымен Қарағанды облысы әкімінің лауазымына 2009 жылғы қарашаның 19-ында тағайындалған болатын. Бұған дейін ол ҚР вице-премьері болып жұмыс істеді.