Қарағанды облысының «Жылдың үздік актері» Қытайда қайтыс болды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қытайда жас көрермендер таетрының 43 жасар актері, теміртаулық Алексей Шумский қайтыс болды. Ол Қарағанды облысының өңірлік байқауында жылдың үздік актері атанған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
None
None

«Түнде Алексейдің қайтыс болғаны туралы хабар алдым. Ол әлі-ақ аяғынан тұрып кетеді, театрда әлі талай рөлдерді сомдайтын болады деген үлкен үміт бар еді. Бүгін оны әрі қарай емдеу үшін елге жеткізу қажет болатын»,-деп жазды жас көрермендер театрының директоры Владимир Дроздецкий.

Енді Қытаймен шекарадағы Зайсанға кеткен марқұмның әпкесі мен әкесі әртістің мәйітін алып келеді.

Айта кетейік, Алексей Шумскийдің денсаулығы Қытайға бара жатқанда-ақ сыр бере бастаған. Ол демалысын үзбестен Қытайға емделуге аттанды. Қытайда комаға түскен. Алексей Шумский Мәдениет саласының қызметкерлері күні қарсаңында биылғы жылдың үздік актері атанды және Қарағанды облысы әкімінің сыйлығы мен дипломына ие болды.

Соңғы жаңалықтар