Қарағанды симфониялық оркестрі Германия қалалары бойынша гастрольдық тур өткізеді

ҚАРАҒАНДЫ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қ.Байжанов атындағы Қарағанды облыстық концерттік бірлестігінің симфониялық оркестрі Германияға гастрольге аттанды,

Қарағанды симфониялық оркестрі Германия қалалары бойынша гастрольдық тур өткізеді
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Жол сапар қаржысы облыстық бюджеттен бөлінді. Қарағандылық әртістер Германияның жеті қаласында өнер көрсетеді. Олар: Лар, Беттингейм, Люденшайт, Дельменхорст, Гамбург және Кельн. Ең жауапты концерт ? Кельн филармониясында наурыздың 12-де өтеді. Оркестрде үш орындаушы болады. Олар: Елена Колесниченко (фортепиано), Лиана Исакидзе (скрипка) және Айман Мұсақожаева (скрипка). Қарағанды сифониялық оркестрі Қазақстанның бірінші скрипкашысымен бірге төрт концерт береді. Гастрольдік репертуарда ? Чайковскийдің, Прокофьевтің, Балакиревтің туындылары бар.Естеріңізге сала кетейік, 2009 жыл Қазақстанның Германиядағы жылы болып жарияланған болатын.