Қарағанды тұрғыны АИ-93 маркалы жанармайды заңсыз сатып 58 миллион теңге пайда тапқан

Бұл мәліметті бүгін Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай журналистермен болған апталық брифингте жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның деректеріне қарағанда, осы тектес әрекет Оңтүстік Қазақстан облысында да орын алған. Онда А.Жұмадоллаев атты азамат лицензиясыз өзі жалға алған «ШНОС» жанар май стансысында жанар-жағар май сатумен және сақтаумен айналысып, 24 миллион 800 мың теңге пайда көрген. Аталған азаматқа айыппұл салынды. «Ең сорақысы, мұндай әрекеттермен қазір коммерциялық ұйымдардың басшылары да айналыса бастапты. Қызылорда облысында «Сыр перзенті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Б.Тұрғанов АИ-80 және АИ-93 маркалы жанар-жағармайды лицензиясыз сатып, 29 миллион теңге пайда көрген. Оған ірі көлемде айыппұл салынды. Тап осындай әрекет арқылы 33 миллион теңгеге олжалы болған Атырау облысындағы «Ойл Ле Рой» ЖШС директоры А.Горяевке қатысты қылмыстық іс қозғалды», деді ресми өкіл.