Қарағанды және ШҚО аумағындағы кейбір жолдар жабық
АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Қарағанды және Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы республикалық жолдарда көлік қозғалысы шектеулі.
Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарланды.
Қарағанды облысы бойынша сағат 15.50 бастап қолайсыз ауа райына (жаңбыр, көктайғақ) байланысты «Екатеринбург-Алматы» жолының 1492-1610 шақырымындағы «Қарағанды қ. - Ақсу-Аюлы» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабылды.
Шығыс Қазақстан облысындағы боранға байланысты автокөліктің барлық түрлері үшін мына жолдарда қозғалысқа шектеу енгізілген:
"Өскемен-Шемонайха-РФ шекарасы" 54-123 шақ. "Первомайка-РФ шекара" аралығында;
"Алматы-Өскемен" а/ж 977-1075 шақ. "Қалбатау-Өскемен" аралығында;
"Өскемен-Зырян-Рахман қайнары" 6-165 шақ. "Степное-Зырян" аралығында;
Бұл жолда бүгін сағат 12.00 бастап 92-166 шақырымындағы "Жаңа Бұхтарма-Зырян" аралығында жол ашылды.
"Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" 320-900 шақ. "Қарағанды обл. шекарасы -Ақсуат"аралығында;
"Өскемен-Риддер" 15-105 шақырымындағы "Белоусовка-Риддер" аралығында көлік қозғалысы шектелген.
Сонымен қатар көктайғаққа байланысты "Өскемен-Семей" жолының 8-154 шақырымындағы "Өскемен-Таврия-Семей" аралығында тіркеме және жартылай тіркемесі бар автокөліктер түрлеріне жол қозғалысына шектеу қойылды.
Аталған жолдарда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақавтожол» РМК-ның ЖПБ (Жол пайдалану бөлімшесі) арнайы қар тазалау техникалары кезекшілікке шықты.
«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.