Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қарағандыда 2 келі героинді сатуға екі күдікті азамат ұсталды

ҚАРАҒАНДЫ. 23 тамыз. ҚазАқпарат - Қарағандыда облыстық ІІД-нің есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің қызметкерлері 2 келі героинді сатуға екі күдікті азаматты ұстады. Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.

Қарағандыда 2 келі героинді сатуға екі күдікті азамат ұсталды

«Жедел-іздеу шараларын өткізу барысында 22 тамыз күні Қарағандының Қазыбек би ауданында өз үйлерінде 63 жастағы ер адам мен 48 жастағы әйел ұсталды. Үйді тексеру барысында 2 келі, 06 грамм «героин» есірткілік заты анықталды», - делінген хабарламада.

Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 259 бабы - «Есірткілік немесе елітетін заттарды өткізу, дайындау, қайта өңдеу,  немесе сатып алу мақсатында заңсыз сатып алу, тасымалдау немесе сақтау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.