Қарағандыда 2010 жылы автобус жүргізушілерінің кінәларынан 11 жол-көлік оқиғасы тіркелді
ҚАРАҒАНДЫ. 25 қаңтар. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда 2010 жылы автобус жүргізушілерінің кінәларынан 11 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, ол оқиғалардың салдарынан 3 адам қаза болған, 9 адам жараланған. Бұл туралы Қарағанды қалалық ішкі істер басқармасының жол полициясы бөлімінен хабарлады.
Ведомствоның ақпараты бойынша, тіркелген апаттардың ең көбі №3 автопарктің үлесіне тиесілі екен. «Осы кәсіпорын жүргізушілерінің кінәларынан 2009 жылы 12 жол-көлік оқиғасы болып, олардың салдарынан 17 адам жараланса, 2010 жылы - алты оқиға тіркеліп, оларда бір адам қаза болған, 6 адам жараланған», - делінген жол полициясы бөлімінің статистикасында.
Былтыр сондай-ақ, «Автобус» және «Қауіпсіз жол» операцияларының барысында автобус жүргізушілері жол берген 500-дей заң бұзушылық анықталған. Ал ағымдағы жыл басталғалы бері Қарағандыда автобус жүргізушілері жол берген 95 ереже бұзу фактісі тіркелген.