Қарағандыда 62 жастағы науқас коронавирустан қайтыс болды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағандыда 62 жастағы науқас коронавирустан қайтыс болды

Сoronavirus2020.kz мәліметіне сенсек, марқұм 1958 жылы дүниеге келген.

Айта кетейік, елімізде коронавирус инфекциясынан барлығы 26 адам қайтыс болған:

Нұр-Сұлтан қаласы – 3

Алматы қаласы – 8

Шымкент қаласы – 4

Ақмола облысы – 4

Шығыс Қазақстан облысы – 1

Қарағанды облысы – 2

Қостанай облысы – 1

Маңғыстау облысы – 1

Павлодар облысы – 1

Түркістан облысы – 1