Қарағандыда ақын Махмет Темірұлының шығармашылығына арналған кітап шықты

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облыстық өлкетану мұражайында «Махмет Темірұлының өмірі мен шығармашылығы» кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандыда ақын Махмет Темірұлының шығармашылығына арналған кітап шықты

Шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Авторлары - жас ғалымдар Әділет Жағыпар, Ақжарқын Әбдіғаппар және Гүлден Жағыпар.

«Біз кітапты ақынға арнадық. Бұл Махмет ағаның өмірі мен шығармашылығы туралы алғашқы басылым. Біздің бастамамызды ақынның туыстары қолдады. Кітап тиражы -100 дана. Болашақта оны ұлғайтуды жоспарлап отырмыз», - дейді Әділет Жағыпар.

Авторлардың айтуынша, олар шығармада тоталитарлық режім жылдарын сипаттауды, сол жылдардың қоғамдық-саяси ахуал сипатталған.

Махмет Темірұлы Нұра ауданында дүниеге келген. Көбетей ауылының мектебінде қазақ және неміс тілдерінен сабақ берді. Сонымен қатар шығармашылықпен айналысқан. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.