Қарағандыда «Алаш» қозғалысы мен Ә.Бөкейхановтың мұрасын зерттеуге арналған конференция өтті

Шараға «Алаш» қозғалысының тарихы мен ұлт-азаттық маңызын зерттеу мен айналысып жүрген Қазақстанның және таяу шет елдердің ғалымдары жиналды. Конференция аясында кітап көрмесі ұймдастырылып, «Болашақ» университетінің ректоры, заң ғылымының докторы, профессор Нұрлан Дулатбековтың «Санкт-Петербордағы алаш қайраткерлерінің іздері» аты кітабының тұсауы кесілді.
«Бұл конференцияны біз ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында өткізіп отырмыз. «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының тарихы әлі де болса толық зерттелген жоқ. Біз осы конференция зерттеу қызметіне тың серпін береді деп үміттенеміз. Оның қорытындысы бойынша Ә.Бөкейханов мұрасын зерттеуге бағытталған жұмыстар белгіленетін болады», деді «Болашақ» университетінің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, философия ғылымының кандидаты, профессор Құрар Меңлібаев.
Конференция барысында «Алаш» қозғалысының тарихын зерттеумен айналысып жүрген жас ғалымдарға наградалар табыс етілді.
Ә.Бөкейханов (1866-1937) - Қазақстанның көрнекті қоғам және саяси қайраткері, «Алаш орда» партиясы көшбасшыларының бірі. Ол 1866 жылдың 5 наурызында Семей облысына қарасты Қарқаралы уезінде дүниеге келген. 1917 жылдың желтоқсанында өткен екінші Бүкілқазақ құрылтайында Ә.Бөкейхановтың бастамасымен Алаш автономиясы құрылды. Оның жоғары билік органы Уақытша халық кеңесі болып жарияланып, оған Ә.Бөкейханов төрағалық етті. Ол
1920-1930 жылдары үш мәрте НКВД органдарымен тұтқынға алынды. 1937 жылы 27 қыркүйекте Жоғары соттың әскери алқасымен сотталып, сол күні атылды