Қарағандыда ардагерлерге Жеңіс мерекесіне орай материалдық көмек көрсетіледі
Бір жолғы төлем ретінде материалдық көмек көрсету жоспарлануда. Атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына әрқайсысына кем дегенде 50000 теңге көлемінде көмек, жалпы санағанда 32,7 млн. теңге. ҰОСҚ және ҰОСМ болып табылатын 856 адам және кемінде 6 ай жұмыс істеген 19694 тыл ардагерлері, мерт болған жауынгерлердің 23 жесірге және соғыстан мүгедек болған және қатысқан жауынгерлердің 976 әйелдеріне көмек көрсетудің жалпы соммасы 75,5 млн.теңге бөлу көзделген. Сонымен қатар ҰОС мүгедектері мен 454 қатысушысына коммунальдық қызметті жабуға 155,5 млн. Теңге, ҰОС мүгедектері мен 18 қатысушыларының үйлеріне жөндеу жұмыстарына жыл аяғына дейін 295,0 мың теңге көлемінде ақша бөлінді. Бұған қоса, ҰОС 25 ардагеріне жыл соңына 817,5 мың. теңгені құрайтын жанармаймен қамтамасыз ету, ҰОС мүгедектері мен 126 қатысушысына газетке тегін жазылуға жалпы соммасы 434,4 мың.теңге құрайтын қаржы бөліну және ҰОС мүгедектері мен 454 қатысушысына, ҰОСҚ және ҰОСМ теңестірілген 2954 адамға, қайтыс болған жауынгерлердің отбасына, жесірлеріне, соғыс ардагерлерінің әйелдеріне, кемінде 6 ай жұмыс істеген тыл ардагерлеріне 39,2 млн. теңгені құрайтын әлеуметтік көмек (жеңілдетілген жолақы, шаштараз қызметін тегін пайдалану, монша, азық-түлік, шөп, жем, дәрі-дәрмектер) көрсетіледі.
«Облыс бойынша Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына көмек көрсету орташа есеппен санағанда 433 103 теңгені құраса, бір жолғы материалдық көмек 50000 теңгеден100000 теңгеге дейін құрайды» делінген хабарламада.