Қарағандыда атты полиция взводы жасақталады

ҚАРАҒАНДЫ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда биылдан бастап атты полиция взводы жұмыс істей бастайды.
None
None
ҚазАқпарат тілшісіне бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің бұқаралық ақпарат құралдарымен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлімінен хабарлады.Қарағанды ішкі істер басқармасының басшылығы тарапынан айтылған ұсыныс қала мен облыс әкімдігінің қолдауына ие болып отыр. Взвод құрамына патрульдік полиция полкының атқа міне алатын 30 қызметкері кіреді. Салт атты полицейлер негізінен саяжай учаскелерін күзетумен айналысатын болады. Қарағандыда атты полиция құру туралы ұсыныс осыдан бес жыл бұрын көтерілген болатын, бірақ қаржының жоқтығынан бұл идея жүзеге аспай қалған еді. Осындай взводтар жұмыс істеп жатқан Оңтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының тәжірибесі бойынша жоспар жасалып, шығыс сметасы әзірленуде.
Соңғы жаңалықтар