Қарағандыда ауыл аймақтарындағы мектептерді дамыту мәселелері талқыланды
Облыста аз жинақты мектептер мөлшері 47,5%-ды құраса, ауылдық жерлерде 92,5%-ды құрап отыр. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, соңғы үш жылда 48 аз жинақты мектептерге жөндеу жұмыстарын жасау үшін 508 млн. теңге бөлінген. Қазіргі таңда 70 ауыл мектептеріне жөндеу жұмыстарын жасау керек, оның ішінде аз жинақты - 54 немесе 77%. 2014 жылға «Жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 8 мектеп қана қарастырылған.
Аз жинақты мектептерде материалдық-техникалық базалар сараптамасы бойынша 25%-ы интерактивті тақтамен және 45,3%-ы жаңа модификациялы кабинеттерімен қамтылған.
«Қазіргі күні 66 елді мекенде мектеп жоқ болса, 119-ында негізгі және бастауыш мектептер ғана. Онда 4698 мектеп оқитын жастағы балалар бар. Оның 3 607 бала тұрғылықты жері бойынша оқыса, 726 үшін күнделікті тасымалдау ұйымдастырылған, 365-і мектеп интернаттарында тұрады. Аз жинақты мектептерде 4 358 оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде жоғарғы білімді - 80,7%, жоғарғы және бірінші санаттағылар - 48%, қаламен салыстырған 6%-ға аз. Оқытушыларға тапшы бұл аймақтар. Аз жинақты мектептерге 93 оқытушы керек. Бірақ, басты мәселесі - білім беру төмендігі. Мәселені бірден-бір шешетін жолы тірек мектептерін ашу (ресурсты орталық) болып табылады, мақсаты - кадр ресурстары мен материалдық-техникалық қаржыны біріктіріп, білім беру потенциалын жоғарылату»,- дейді баспасөз қызметінен. Жиналыс соңында облыс әкімі 2014-2016 жылдарға арналған аз жинақты мектептерді дамыту Концепциясын дайындауға, тірек мектептер санын көбейту арқылы ауылдық аз жинақты мектептердің білімін жоғарылатуға тапсырма берді. Сонымен қатар, Қазақстан халықтарының Бірлік күніне арналған мерекелік іс-шараларын өткізуге бірнеше тапсырмалар берді.