Қарағандыда бағыттық автобус 6 жасар баланы қағып кетті

ҚАРАҒАНДЫ. 7 маусым. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласында бағыттық автобустың жүргізушісі жолдан велосипедпен өтіп бара жатқан 6 жастағы баланы қағып кетті.

Қарағандыда бағыттық автобус 6 жасар баланы қағып кетті

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Тәртіп сақшыларының ақпары бойынша, жол-көлік апаты 6 маусым күні сағат 15.00-де Мұқанов атындағы көшеде орын алған. «№4 бағдардағы автобустың 45 жастағы жүргізушісі жолдан велосипедпен өтіп бара жатқан 6 жастағы баланы қағып кетті. Ол оқиға орнында көз жұмды», - делінген хабарламада.