Қарағандыда билік өкілдері саябақтарды абаттандырған мердігерден келісім шарттарды орындамағаны үшін сот арқылы 335 млн. теңге алмақшы

ҚАРАҒАНДЫ. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қарағандыда аудандық әкімдік мердігерден 335 млн. теңге көлемінде қаражат өндіріп алу жөнінде сотқа шағым түсірді. Мердігер өзі абаттандырған саябақтардағы олқылықтарды жоймай отырған көрінеді.
None
None

Бұл туралы экономикалық соттың БАҚ-пен байланыс бойынша үйлестірушісі Индира Құспаева хабарлады.

«Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Қарағанды қалалық Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты» ММ-нің «Аудандық коммуналдық шаруашылық» ҚМК-на олқылықтарды жою, 335 млн. теңге көлеміндегі қаражат төлету жөніндегі шағымы бойынша азаматтық іс қаралуда. Қазіргі уақытта ол сот алдындағы дайындық деңгейінде тұр», - деді И.Құспаева бүгінгі брифинг барысында.

2011 жылы аудандық әкімдік «Аудандық коммуналдық шаруашылық» ҚМК-мен Қарағандының Қазыбек би атындағы ауданының «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде келісім-шартқа қол қойды, деп хабарланады сотқа берілген арыз өтінішінде.

«Мердігер орындаған жұмыстарды қабылдау кезінде жұмыс комиссиясы қазіргі уақытқа дейін жойылмаған ақаулар анықталды. Бас мердігер мен мердігерлік ұйымдардың мекен жайына сапасыз орындалған жұмыстар мен ақауларға байланысты талай рет жазылған шағымдарға қарамастан еш шаралар қолданылмай отыр, кепілдік міндеттеме аясындағы жұмыстар орындалмауда», - делінеді арызда.

Арыз берушінің келтірген мәліметтерінше, келісімдерде мемлекеттік қабылдау комиссиясының қабылдау актісіне қол қою сәтінен бастап 24 айлық кепілдік мерзім қарастырылды.

«Анықталған бұзушылықтар мен мердігердің келісім-шарт тармақтарын орындамауы мемлекеттік қабылдау комиссиясының нысандарды жылжымайтын мүлік үшін мемлекеттік тіркеуін жүзеге асыруына кедерді келтіруде», - деп атап өтілді арызда.

Іс материалдарында атап өтілгендей, орындалған жұмыстардың актілеріне жұмыс комиссиясының мүшелері ақауларды жою қажеттілігін ескертіп қол қойды.

Соңғы жаңалықтар