Қарағандыда биыл Достық үйінің құрылысы басталады

ҚАРАҒАНДЫ. Ақпанның 7-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда биыл Достық үйінің құрылысы басталады. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматулин халықпен есепті кездесуінде айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Мұндай қажеттілік біздің көпұлтты өңірімізде бұрыннан пісіп-жетілді» - деп мәлімдеді облыс әкімі. - Жоба жасалды, қаржы мәселесі де шешілді». Бұл ғимаратта 1500 немесе 1800 орындық әмбебап зал болмақ. «Сөйтіп, біз екі мәселені бірден шешміз. Қарағандыда жақсы концерт залы жоқ», деп түсіндірді Н.Нығматулин. Бұл құрылысқа кемінде 800 млн. теңге қаржы жұмсалатын болады. Қарағанды облысында 71 ұлттық-мәдени орталық жұмыс істейді. Оларды қолдауға жыл сайын облыс және аудан әкімдері гранттар бөліп отырады.
Соңғы жаңалықтар