Қарағандыда болған жол апаты салдарынан 17 жасар жүргізуші мен мотоциклдің жолаушысы қаза тапты
ҚАРАҒАНДЫ. 4 маусым. ҚазАқпарат - Қарағандыда «Фольксваген» көлігімен «Сузуки» мотоциклі соқтығысып, 2 адам мерт болды.
Бұл туралы Қарағанды облысы ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Полицияның берген ақпаратына сәйкес, жол-көлік апаты 3 маусым күні сағат 23.00-де Қарағанды қаласындағы Четская көшесінің бойында болған.
«Фольксваген» көлігі бұрылу кезінде қарсы бағытта келе жатқан 17 жасар жігіттің басқаруындағы «Сузуки» мотоциклімен соқтығысты. Мотоциклдің 17 жасар жүргізушісі мен оның жолаушысы алған жарақаттарына байланысты ауруханаға апара бара жатқан кезде көз жұмды», - делінген облыстық ІІД-нің таратқан баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Автотехникалық сараптама белгіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде.