Қарағандыда екі аптаға созылатын жәрмеңке өткізіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Наурыз айында Қарағанды қаласында екі аптаға жуық уақытта ауылшаруашылық жәрмеңкелері ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық әкімдіктің сайтына сілтеме жасап. 
None
None

Қарағанды қаласында Құрылысшылар даңғылының бойында орналасқан «Сарыарқа» сауда үйінде наурыздың 3 және 17 күндері ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтеді.
Жәрмеңкеде Қарағанды облысының өндірушілері тұрғындарға жергілікті ауылшаруашылық өнімдерін ұсынады. Жәрмеңкеде ет, сүт өнімдері және көкөністер нарықтағы орташа құннан төмен бағамен сатылады.
«Сарыарқа» сауда үйіне № 01, 012, 014, 19, 33, 41, 43, 45, 49, 53, 56, 70, 73 автобус бағдарларысмен жетуге болады.

Соңғы жаңалықтар