Қарағандыда екі көп қабатты үйдің тұрғындарын бомба қойылды деген суық хабар дүрліктірді

ҚАРАҒАНДЫ. 3 қазан. ҚазАқпарат - Қарағандыда әзірге белгісіз «қалжыңқойдың» бомба қойылды деген жалған хабар таратуына байланысты «Восток-3» шағынауданындағы 20 және 21 үйдің 315 тұрғыны бірнеше сағат бойы далада болды,
None
None

деп хабарлады Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінен.

«2 қазан күні Қарағанды облысы ІІБ Жедел басқару орталығына белгісіз біреу хабарласып, «Восток-3» шағын ауданында тұрғын үйлерге бомба қойылған деп хабарлама берген. Оқиға орнына барлық шұғыл қызметтер жіберілді. Екі үйден қауіпсіз жерге 315 адам шығарылды», - деп жазылған хабарламада.

Саперлер үйді қарап шыққан, алайда ешқандай жарылғыш зат табылмады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 242-бабымен қылмыстық іс қозғалды, жалған ақпарат берген адам іздестіріліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар