Қарағандыда еркін күрестен өткен халықаралық турнирде Павлодар пединститутының студенттері «алтын» мен «қола» еншіледі

ПАВЛОДАР. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Павлодар педагогикалық институтының студенттері Кеңес Одағының батыры, ұшқыш Нүркен Әбдіров атындағы жүлде үшін еркін күрестен өткен 45-ші халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті.
None
None

Қарағандыға мерейтойлық жарысқа 250-ден астам спортшы жиналды. Павлодар облысы командасының құрамына енген ПМПИ-дың студенттері жақсы дайындықтарын көрсетті.

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде «алтын» еншілеген Тасболат Жүрсіновке ешкім тең келмеді. 120 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медальді Дмитрий Попов олжалады.

Қыздар арасында қола медальдарға Дәметкен Айыпова (48 келіге дейін) мен Аймангүл Төлеухан (55 келіге дейін) қол жеткізді.

Соңғы жаңалықтар