Қарағандыда ескі көлікті кәдеге жарату зауыты ашылады

Зауыт итальяда шығарылған заманауи қондырғымен жарақталады. Ол сағатына 20-25 жеңіл көлікті, бір ауысымда кемінде 150 автомобиль өңдеуге мүмкіндік береді.
Зауыттың жылдық қуаты - 50 мың көлік. Бұл үдеріс кейіннен Қарағанды облысында жұмыс істеп тұрған зауыттарда өңдеу үшін техникалық сұйықтықты ағызу, қорапты тығыздау, қосалқы шикізатты жіберуді ұйымдастырып, толық циклды етуге мүмкіндік береді. Қайта өңдеу 90 пайызды құрайды.
Еске салсақ, ескі көліктерді кәдеге жаратудың жеңілдетілген бағдарламасы Қазақстанда 21 қарашада басталды. 30 қарашадан бастап елде пайдаланудан шығып қалған көліктерді жинайтын пункттер ашыла бастады. 2017 жылғы 4 қаңтарда Астанада бағдарламаға қатысушыларға арналған жүлде ойнатылады. Жеңімпаз жаңа кроссоверді иеленеді.