Қарағандыда «Фараон» туристік фирмасы алданған клиенттеріне шамамен $400 мың залал келтірді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда «Фараон» туристік фирмасының басшысына қатысты қылмыстық істе 75 адам зардап шекті, оларға шамамен 400 мың доллар залал келтірілді.
None
None

Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.

«75 арызданушы ресми түрде жапа шекті деп танылды. Олар («Фараон» турфирмасына - ред.) 62 млн. теңгеден астам және 80 тыс. доллар берген, яғни жалпы олар 400 мың доллар шығынданған. 75 қылмыстық іс қозғалды, оларды бір өндіріске біріктірді», - деді жапа шеккендермен кездесуде Қарағанды облысы прокурорының орынбасары Рашид Дубаев.

Бақылау органының мәліметінше, қазір туристік фирма 13 клиентінің ақшасын қайтарды.

Облыстық прокуратурада қылмыстық іс қатаң бақылауға алынып, залал орны толтырылатынын айтты.

Кездесуде Р. Дубаев турфирма директоры Жанар Әбеупке қатысты кепілдік төлеу шарасын қамауға алуға өзгерту мәселесі шешіліп жатқанын айтты.

«Қазір күдікті екеу. Бұл директор («Фараон» турфирмасының - ред.) Жанар Әбеуп және кассир - Әлия Габриэль».

Соңғы жаңалықтар
Референдум