18:48, 05 Қаңтар 2010 | GMT +5
Қарағандыда футзалдан Қазақстанның ашық чемпионатының үшінші туры өтеді
ҚАРАҒАНДЫ. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандының «Тұлпар» спорт кешенінде қаңтардың 6-сы мен 10-ы аралығында футзал 2009/2010 - Қазақстанның ашық чемпионатының үшінші туры өтеді,

деп хабарлайды Қазақстанның Футбол федерациясы.
Оған бес: үш қазақстандық - «Қайрат» (Алматы), «Тұлпар» (Қарағанды), «Ұшқын-Искра» (Астана) және екі қырғызстандық «Әділет» (Бішкек), «АзияУниверсалБанк» (Бішкек) команда қатысады. Күніне екі ойыннан өткізіледі.