Қарағандыда «Х-фактор» байқауының жеңімпазын тонап кетті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда полицейлер «Х-фактор» байқауы 3-ші маусымының жеңімпазы, әнші Евгения Барышеваны ірі сомаға ұрлап кеткен алаяқтар іздестірілуде, деп хабарлады Қазыбек би ауданының прокуратурасынан.

Қарағандыда «Х-фактор» байқауының жеңімпазын тонап кетті

«Қаскүнемдер терезені сындырып, пәтерге кірген. 800 мың теңге сомасындағы ақшаны, тон, теледидарды қолды еткен», - деді аудандық прокуратура бөлімі бастығының орынбасары Сейдахмет Ұтқыров.

Әнші шығынды миллионнан астам теңгеге бағалап отыр. Сұхбат берушінің айтуынша, күдіктілер әзірге анықталған жоқ.