Қарағандыда халықаралық стандарттарға сай жаңа малдәрігерлік зертхана ашылды

ҚАРАҒАНДЫ. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда облыстық маңыздағы модулдік малдәрігерлік зертхана ашылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ол толығымен халықаралық стандарттарға сай келеді.Заманауи жабдықтармен жарақтанған жаңа зертхана аса қауіпті мал ауруларын қысқа мерзімде сынамадан өткізуге мүмкіндік береді. Мұнда сондай-ақ азық-түлік өнімдері де тексеріледі.Құрылыс жұмыстары былтыр маусым айында басталған болатын. Оны салу 332 млн. теңгеге түсті. Қаржы республикалық бюджеттен бөлінді. Зертхананың жалпы ауданы 1800 шаршы метр. Мұнда 40-тан астам маман жұмыс жасайды. Бұл - Қазақстандағы осындай алтыншы зертхана.
Соңғы жаңалықтар