Қарағандыда қалдықтарды қабылдау орны көшелердің ластануына жол бермеуге көмектесуде

АСТАНА. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - Алғаш рет Қарағандыда қаланың Октябрь ауданы әкімі аппаратының және «Ресайклинг» ЖШС бастамасымен жекелеген қалдықтарды жинау орны ұйымдастырылған.

Қарағандыда қалдықтарды қабылдау орны көшелердің ластануына жол бермеуге көмектесуде

Мақсаты - қаланың экологиялық және санитарлық жағдайын жақсарту. Тұрмыстық қалдықтарды жинау орнына кез келген ниет білдірген адам өңделген қалдықтарды тапсырып, ақшалай өтемақы ала алады. Осылайша, бір килограмм пластик үшін 10 теңге, бір килограмм шыны үшін - 5 теңге, қатырма қағаз үшін 3 теңге төленеді, полиэтиленнің бағасы 8 теңге, 2 алюминий құтысын өткізіп 1 теңге алуға болады.

Жекелеген қалдықтарды жинау орны аудан көшелеріндегі қоқыс мөлшерін айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді, ол бүкіл Қарағанды қаласының экологиялық жағдайына толығымен жағымды әсер етеді.

Егер қалдықтарды жеке-жеке жинап, өңдейтін болсақ, пайда әкелуі әбден мүмкін.

Қатты тұрмыстық қалдық жинау орны Пришахтинск қаласында, 22-ықшамауданда орналасқан, сағат 9.00-дан 18.00-ге дейін жұмыс істейді.

Осындай қабылдау орындарын Майқұдық және Сортировка аудандарында да ашу жоспарлануда.