Қарағандыда қаржы полициясы шіркеуден ұрланған ақшаның қайда жоғалғанын іздестіруде

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың тамыз айында Қарағандыдағы Свято-Введен шіркеуінен 75 млн. теңге, 48 мың еуро, 1,1 млн. ресейлік рубль және 2 мың АҚШ доллары, сондай-ақ діни ғұрып заттары ұрланды. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 89,2 млн. теңгені құрады.
Аталған факт бойынша үш күдікті азамат ұсталды, олар өз қылмыстарын мойындап отыр. Алайда оларды ұстау кезінде тек қана 47 млн. теңге алынды. Шіркеу қызметкерлері 41 млн. теңгені таба алмады.
Қазіргі кезде айыпталушылар Александр Ежов, Антон Алимской мен Александр Зайчиков сот алдында жауап берді.
«Онымен қоса, Қарағанды облыстық прокуратурасы Свято-Введен шіркеуінен ұрланған ақшаның қалған сомасын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Аталған қылмыстық іс 2012 жылдың 27 қарашасында одан әрі тергелу үшін Қарағанды облысы бойынша қаржы полициясының департаментіне жіберілді. Қылмыстық іс тергелуде», - деп хабарлады қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметінен.
Басқа ақпаратты ведомствода тергеу мүддесіне сілтеме жасап таратпайды.