10:41, 26 Сәуір 2014 | GMT +5
Қарағандыда қатты жел бірнеше ғимараттың шатырын жұлып әкеткен
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласында күшті дауыл соғып, мектептің, бизнес орталығы мен мейрамхананың шатырларын жұлып әкеткен.
Ол жерлерде құтқару қызметінің мамандары жұмыс істеп жатыр деп хабарлайды 24.kz.
Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Өңірде дауыл соғатыны туралы ескерту жарияланған. Мамандар желдің жылдамдығы секундына 18-ден 30 метрге дейін күшеюі мүмкін деген болжам жасаған.
«Ғимараттың 400 шаршы метрге жуық шатыры бүлінген. Біз олардың сынықтарын тазалап, жолдағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жедел құтқару жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», - дейді облыстық ТЖД жедел құтқару тобы басшысының орынбасары Сергей Ракуль.