Қарағандыда кенші әйелдерге ескерткіш орнатылуы мүмкін

ҚАРАҒАНДЫ. 25 мамыр. ҚазАқпарат - Суретшілер одағының Қарағанды облыстық филиалында кенші әйелдерге арналған болашақ ескерткіштің нобайы талқыланды.
None
None

Бұл туралы қоғамдық ұйымнан хабарлады.

«Қарағандыда шахтер әйелдердің еңбегіне тағзым ету ойы бұрыннан көтерілген. Оның қажеттігі даусыз. Ұлы Отан соғысы кезінде шахталарда әйелдер де, балалар да тер төкті. Кейінгі жылдары бұл ұмытылып барады», - дейді Суретшілер одағы филиалының хатшысы Наталья Иванина.

Мүсіндік компизициялардың жобасын 8 автор ұсынды. Қарағандының танымал мүсіншісі, «Кенші даңқы» монументінің авторы Анатолий Билык та өзінің жобасын жасады. Оның композициясы кенші киіміндегі екі әйелдің бейнесінен құрылған. Олардың бірі баласын емізіп тұрса, екіншісі қайласын иығына салып, құрбысын күтіп тұр.

Соңғы жаңалықтар