Қарағандыда Конституция күнінде жаңартылған Жеңіс ескерткішінде жұлдыз жақты (ФОТО)

«Он жыл бұрын, 2005 жылдың маусымында Мемлекет басшысы біздің өңірге келген жұмыс сапарында осы алаңда болды. Нұрсұлтан Назарбаев мұнда ҰОС майдандарындағы қарағандылықтардың ерлігін мәңгі есте сақтау мақсатында орнатылған Жеңіс стелласы идеясын қолдады.
«Біз, жеңген әкелердің ұлдары үшін «Мәңгілік алау» сынды мемориал қасиетті», - деді Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков жаңартылған сәулет құрылымының ашылу салтанатында.
Ол шара Ата заңымыздың 20 жылдығын тойлау күнімен тұспа-тұс келуі мәнді деп есептейді.
Фейерверктермен бірге «Халық Қаһарманы» атағына иегерлеріне ұсынылатын «Алтын жұлдыз» ерекше белгісіне ұқсас жеті бұрышты жұлдыз тұтанды.
Обелискті қалпына келтіру демеушілік қаржы есебінен жүзеге асты. ERG Еуразиялық тобы облыстық әкімдікпен жасасқан ынтымақтастық жөніндегі меморандум бойынша 35 млн. теңге бөлді.