Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қарағандыда корей диаспорасы Ай күнтізбесі бойынша Жаңа жылды атап өтуде

ҚАРАҒАНДЫ. 3 ақпан. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыдағы Кеншілер мәдениет сарайында корей диаспорасы Сольналь мерекесін - Ай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мейрамын атап өтті.

Қарағандыда корей диаспорасы  Ай күнтізбесі  бойынша Жаңа  жылды атап  өтуде

Қазақстан корейлері қауымдастығының облыстық филиалы бұл мерекені тойлау дәстүрін осыдан 21 жыл бұрын қолға алған болатын.

«Дәстүр бойынша бұл мерекеде біз жылды қорытындылаймыз. Ал биылғы жыл біз үшін ерекше - ол Кореяның Қазақстандағы жылы деп жарияланып отыр», деп атап көрсетті этнобірлестіктің жетекшісі Лилия Ким өз сөзінде.

Концерттік бағдарламаға қатысушылар өздерінің ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сахналады. Корейлермен бірге бүгінгі Жаңа жыл мерекесін басқа да ұлттың өкілдері қарсы алды. Мерекеге барлық ұлттық-мәдени орталықтардың жетекшілері шақырылды.

«Тағдырдың жазуымен біздің жерімізге қоныстанған қазақстандық корейлер өз тарихын, өз салт-дәстүрлерін сақтап отыр. Корей халқының өкілдері Қазақстанның дамуына үлкен үлес қосуда», деп атап көрсетті өз құттықтауында «Нұр Отанның» облыстық филиалы төрағасының орынбасары Есет Есенғараев.