Қарағандыда қорғаныс - бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шаралар айлығы басталды
ҚАРАҒАНДЫ. 8 сәуір. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда қорғаныс-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шаралар айлығы басталды.
Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Бұл іс-шаралар Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 66 жылдығы мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған, деп атап өтті қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметтің хабарлауынша, іс-шаралардың ашылуы «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының ғимаратында болды.
Салтанатты ашылу бағдарламасында Ұлы Жеңіс, ерлік, өскелең ұрпақ алдындағы парыз тақырыптары қозғалды. Ашылу салтанатының соңында жастар «Алға, қазақ жігіттері!» әнін шырқады.